Атап айтқанда, билеттерді сату уақыты өзгерді. Енді олар мына шарттар бойынша іске асырылады:
жолаушылар пойыздары үшін сатылу режиміне немесе орындардың болуына қарай жолаушылар пойызының, тікелей вагондардың қалыптасу немесе айналым пункттерінен, аралық станциядан пойыз жөнелтуге дейін кемінде 45-тен 1 тәулік (бұрын пойыздың жөнелтілуіне дейін 45 күн болды); қала маңындағы пойыздар үшін – 10 күннен 1 күнге дейін (бұрын бұл пойыз жөнелтілгенге дейін 10 күн бұрын еді).Бұл ретте билеттерді сату пойыздың жөнелтілуіне 10 минут қалғанда тоқтатылатыны көрсетілген. Ереженің алдыңғы нұсқасында пойыз жөнелтуге 5 минут қалғанда айтылған.
Бұрын жөнелтілетін пойызға билетті ауыстырып және қайта ресімдей отырып, пойызға билеттерді сату жолаушының осы станцияға келуі мен оның осы станциядан кету уақыты арасындағы кемінде 1 сағат айырмашылықты ескере отырып іске асырылады (бұрын айырмашылық кемінде 3 сағат еді).
Сонымен қатар, егер билет интернет-ресурстар, электронды терминалдар және фискалдандырылған билет сату кешендері арқылы берілсе, онда жол жүру құжатының сериясы немесе нөмірі көрсетіледі (бұрын сериясы да, билет нөмірі де көрсетілген).
Сондай-ақ түзетулер мұндай билетке қауіпсіздік кодын қолдану талабын жойды