26.06.2023, 16:56

Назарбаев пен Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне ҚР СІМ түсінік берді

фото:

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың телефон арқылы екі елдің қарым-қатынасын талқылағанына қатысты тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Беларусь Президенті Тұңғыш Президенттің көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусь елі арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие.

«Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ. Екі ел арасындағы барлық деңгейдегі тұрақты және басқа да байланыстар сақталады», - дейді ол.