Ақтөбе қаласында көппәтерлі үйден өрт шығып, 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
25 маусымда сағат таңғы 8:26-да 112 құтқару қызметіне Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы жеке құрамының 16 құтқарушысы мен 5 өрт техникасы жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт тараған жоқ. Баспалдық арқылы 13 адам, оның ішінде 3 бала эвуакацияланды. Өрт таңғы 8:52-де толық сөндірілді. Өрттің ауданы – 10 шаршы метр, - деп жазылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.