26.06.2023, 09:37

Лукашенко мен Назарбаев телефон арқылы сөйлесті

Фото: Azattyq Ruhy

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Paryz.kz Беларусь басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымның 25-і күні таңертең Лукашенко Путинмен телефон арқылы сөйлессе, түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен.

«Біз халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқыладық», - делінген хабарламада.