Балқаш ауданында 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр

Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамысты алқаптың 150 гектары отқа оранды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Балқаш ауданында 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр
Сурет: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ деректері бойынша бастапқыда 6 200 гектар жер өртенген, оның 6 050 гектары сөндіріліп үлгерді.

"Іле-Балқаш резерватында (алыс қашықтықтағы арнайы жолы жоқ, кісі аяғы жетуі қиын саз-балшықты жерде) 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 гектарды құрайды, оның ішінде 6 050 гектар аумағы сөндіріліп үлгерді".