Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мыңға жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады
фото: inform.kz

ҰБТ басталғалы шекті балды 78% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137.

«ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада жоо қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайды. Сондай-ақ, «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтауға» түсушілер үшін міндетті болып табылатын емтихандар басталды. Жоо-лар 7 шілдеге дейін шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштерді қабылдап, емтихандардың өзін 8-15 шілде аралығында өткізеді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.