Қонаев қаласында 28 жасар жігіттен екі қап марихуана табылды, деп хабарлайды paryz.kz.
22 маусым күні Қонаев қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірлесіп «Қарасора - 2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара барысында 1995 жылғы азаматтың басқаруындағы көлік тоқтатылды.
«Автокөліктің салонында өсімдік тектес заттары бар салмағы 20 келіден асатын екі қап кептірілмеген марихуана тәркіленді.
Дерек ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды», - деп жазды ІІМ-нен.