Үш облыста ауа температурасы 42-43 градусқа дейін төмендейді

Сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарына тұман түседі.

Үш облыста ауа температурасы 42-43 градусқа дейін төмендейді
фото: ашық дереккөз

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

2-3 қаңтарда Павлодар облысында минус 43-ке дейін аяз, ал Ақмола облысы мен Қарағанды облысында сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендейді.

Ақмола облысының кей жеріне тұман күтіледі. Сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарына да тұман түседі.