Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Астана халқымен бірге қатып қалмаймыз ба?»: депутат қыстағы жылу берілу жағдайына алаңдаушылық білдірді

Мәжілістің жалпы отырысында жылу энергетика саласының мәселелері талқыланып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Астана халқымен бірге қатып қалмаймыз ба?»: депутат қыстағы жылу берілу жағдайына алаңдаушылық білдірді
Фото: Azattyq Ruhy

Мәжілісі төрағасы Ермұрат Бапи Астана әкімдігінің өкілдерінен биыл елордадағы жылу беру жағдайы қалай болатынын сұрады.

«Осында Астанадағы №3 жылу электр орталығы туралы бірнеше рет сөз болды. Осыған байланысты бір сұрағым мен бір өтінішім бар. Менің қолыма түскен мәліметке қарағанда Астанадағы №3 жылу электр орталығының салынып жатқанына 14 жылға кетіп бара жатыр. Оның ең қызығы осында екен. Жыл сайын құрылыстың құны өсіп бара жатыр. Алғашында 86 млрд теңге деген құрылыстың құны 122 млрд теңгеге көтерілген. Енді биыл тағы да 54 млрд теңгеге баға көтеріліп отыр. Бұл не деген алтын құрылыс екенін түсінбеймін. Бұл құрылыстың бітетін уақыты белгісіз. Осыған байланысты Астана қаласы әкімдігіне сұрағым бар. Биыл біз Алматыдан яғни жылы жақтан көшіп келдік. Осы жылы қыс қатты болады деген жорамал бар. Астана халқымен бірге қатып қалмаймыз ба? Сұраққа жауап беріңізші. Осынша млрд-таған қаржы жұмсалған құрылысқа кім жауап береді? Неге нысанға млрд-таған ақша бөліне береді? Бұл шығыстар кімге жүктеледі? Осыған кім жауап береді? Биыл объект тапсырыла ма, тапсырылмай ма? Осы жылы қыс қатты болса, солтүстік облыстардағы жағдай қиын болады деген жорамал бар», - деді депутат.

Бұл сұраққа Астана қаласы әкімдігінің өкілі жауап берді.

«Өкінішке қарай, біз бүгін жылу тапшылығы барын байқап отырмыз. Елордада 440 кВт жылу жетіспеушілігі бар. Биыл 100 млрд теңге қаржылай көрсету нәтижесінде ЖЭО-3-тің құрылысын аяқтаймыз. Бүгінгі таңда жүйені дайындау жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс кезеңдеп іске қосылады. Қазан айында 2 қазандық іске қосылады. Оның жалпы қуаттылығы 220 квт. Оған қоса, сол жағалауда газ жылу станциясының екі жобасын жүзеге асырамыз. Оның жалпы қуаты – 690 квт. Биыл қарашаның соңына қарай тапшылық емес, мөлшерден тыс қуаттылыққа ие боламыз. Жобаның 53 млрд-қа қымбаттауына келетін болса, бүгінгі таңда 23 млрд теңгеге шығып отыр», - деді ол.