Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

1 қыркүйектен бастап барлық өңірдегі балабақша мен мектептерде тегін ыстық тамақ беріледі

1 қыркүйектен бастап өңірлеріндегі әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

1 қыркүйектен бастап барлық өңірдегі балабақша мен мектептерде тегін ыстық тамақ беріледі
Фото: stan.kz

ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстарында бұл мәселе шешілді. Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарында бюджет мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бекітіледі.

Сондай-ақ барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында мәслихат сессиялары өткізіліп, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.