Шымкентте көше қиылысында тұрған көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға Абай даңғылы және Гагарин көшелерінің қиылысында болды. Жол үстінде «Hyndai Sonata» маркалы көлік толығымен өртке оранды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Тек, өрт салдарынан көлік ішіндегі құжаттар түгелімен жанып кетті.
«Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт 8 минутта толығымен сөндірілді» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.