Әкімдік Семейдегі "Би-2" концерті өткізілмейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Табиғи өрт кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты облыстық қоғам белсенділерінің өтініштер бойынша 21 маусымда "Арена" кешенінде жоспарланған ресейлік "Би-2" музыкалық тобының концерті өткізілмейтіндігін хабарлаймыз", - деп жазды Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында.
Қала әкімдігі шешімге түсіністікпен қарауға шағырған.
"Сондықтан бұл қайырымдылық концерті емес пе! Неге тоқтатылды??? Өрт болған күні облысқа жыл болғанынан кең көлемде атап өту дұрыс болды ма?!! Ал, қайырымдылық концертін тоқтату орынсыз. Логикасы қайда???" - деп Желі қолданушылары бұл жаңалыққа реакция білдірді.
"Пікірлерді оқыңыз, бәрі концертті қалайды және ақы көмекке кетеді... Көпшілік қолдайтын шешімдер қабылдау керек!" – дейді оқырмандар.
Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшірілді.