Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген мысықтарға қатысты тергеу басталды

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген мысықтарға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген мысықтарға қатысты тергеу басталды
Фото: inform. kz

Әлеуметтік желіде басы мен аяқ қолы жұлынған мысықтардың видеосы тарады. Сондай-ақ, қатар жатқызылған 10-ға жуық мысықтың денесі қойылған суреттер де бар.

Желідегі жазбаға пікір білдірушілер кішкентай мысықтарға аяушылық танытып жатыр. Ал, қатыгездік танытушыларды жауапқа тарту керектігін айтуда. Сондай-ақ, әлемдік БАҚ өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырып отыр.

Жалпы пікір жазушылар мен жазба иелеріне сүйенсек оқиға Шымкент қаласында болған.

Қазіргі кезде аталған жайтқа қатысты Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«17 маусымда Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында жануарларға жасалған қатыгездік туралы жазбаларды анықтады. Аталған жайтқа қатысты Еңбекші аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде» - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.