Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Депуттаттың таңданысы: картопты неге Пәкістаннан аламыз?

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, депутат Серік Егізбаев Қазақстан картопты неге Пәкістаннан алып отырғанына таңданыс білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Депуттаттың таңданысы: картопты неге Пәкістаннан аламыз?
фото: tengrinews.kz

Депутаттың пікірінше, статистикалық деректер саладағы ахуалды, істің мән-жайын нақты көрсетпейді.

Мысалы, деректер бойынша (Қазақстанда) картоп жеткілікті мөлшерде өндіріледі. Осыған қарамастан біз оны сырттан әкелеміз, яғни импорттаймыз. Биыл наурыз-маусым аралығында Пәкістаннан 120 мың тонна картоп әкелінді, - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Серік Егізбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысты статистикада «асыра сілтеу» бар деген ұстанымда.

«Әкімдіктер қызметінің тиімділігін бағалау бойынша және олардың арасында көп жылдан бері қалыптасқан өзара жасырын бәсекелестік осындай жағдайға ықпал етіп отыр. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осылай баға беруден бас тартып, жұмыс тиімділігін бағалаудың басқа әдістеріне көшкен дұрыс болады.

Үкіметке статистикалық деректердің анықтығын қамтамасыз ету үшін мәліметтерді жинау мен есепке алу жолдарын қайта қарау қажет деп есептейміз», - деді Мәжілістегі комитет төрағасы.

Депутат еліміз көкөніс дақылдарының тұқымдары бойынша 95%, ал жеміс көшеттері бойынша 80% импортқа тәуелді екенін жеткізді.

Импорттаушы елдер географисы – Еуропа елдері, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Үндістан, Иран, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Украина. Соңғы мемлекет бүкіл қиындықтарға қарамастан ауыл шаруашылығын барлық бағыт бойынша барынша серпінді дамытып отыр, - деді Серік Егізбаев.