Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Банк қызметкерлерінің кепілге алынуы: куәгер оқиға қалай болғанын айтты

Астанадағы Kaspi бөлімшесінде бірнеше қызметкер кепілге алынған еді. Бұл оқиғаның куәгері өзінің сол сәтте қандай күйде болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Банк қызметкерлерінің кепілге алынуы: куәгер оқиға қалай болғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

"Шынымен ол жерде бір сұмдық болды. Жантүршігерлік жағдай. Жігіттеріміздің қалай жұмыс істеп жатқанын көріп, бақылап отырдық. Олар өте белсенді және жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетті", - деп бөлісті Роза Шахан есімді бойжеткен.

Ол барлығы "Бомажный дом" атты тонау туралы сериалға ұқсаg кеткенін айтты. Ал шын мәнінде болып жатқанның бәрін көргенде, бұл фильмнен әлдеқайда қорқынышты болған. Оның айтуынша, ол мұндай нәрсе Қазақстанда болады деп ойламаған.

Шахан мұндай жағдайдың куәгері болғанда қорыққанын, бірақ банк ішінде кепілге алынғандар үшін көбірек алаңдағанын мойындады.