Ертіс өңіріндегі орман алқаптарында бір жарым ай бойы өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталып келеді, деп хабарлайды paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Аймақтағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтың айтуынша, жаңбырдың жауғанына қарамастан, жауын-шашын өрт қаупі деңгейін төмендеткен жоқ.
Бүгінгі таңда мемлекеттік орманшылықтарда бақылау бекеттері бар. Өрт қаупі жоғары кезеңде қосымша тоғыз бекеті орнатылған. Сонымен қатар, «Ертіс орманы» резерваты мен «Баянауыл» ұлттық паркінде тікұшақтармен әуеден бақылау жұмыстары жүргізіледі Өңірдегі орман қорының аумағы 470 мың гектарды құрайды, - дейді мекеме басшысы.
Облыста барлық орман шаруашылықтарының аумағына жеке тұлғалардың кіруіне шектеу қойылған. Мамандар тек шектеу қоюға қауқарлы. Себебі, орман аумағына бару - әр адамның конституциялық құқығы. Шектеу топтық экскурсиялар, орман ішінде оттты пафдалануға қатысты. Режим бұзылса, 15 АЕК көліменде айыппұл қарастырылған. Ал заң ерекше қорғалатын аумақтарда болса, жазалау шарасының көлемі – 25 АЕК-ке дейін. Жыл басынан бері төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 44 орман өрті тіркеліп, қызыл жалын 900 гектарға жуық жерге таралған. Шығын көлемі 33 млн теңгені құрады.