Аталған қылмысты жасады деген күдікпен республикамыздың бес тұрғыны ұсталып, оның екеуі тергеу оқшаулағышына қамалды.
ҰҚК қызметкерлері ұзақ уақыттық зерделеу барысында ату қаруы мен оқ-дәріні әкелу және сату жолдарын құжаттап алған.
«Сотқа дейінгі тергеу фигуранттары құпиялық шараларын қатаң сақтап келген және саудалау барысында әртүрлі амалдарды қолданған. Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 бірлік оқ-дәрі тәркіленді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - делінген хабарламада.