Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды paryz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды», - делінген хабарламада.
Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Абай облысындағы орман өрті 8 маусымнан бері сөндіріліп жатыр. Өрт салдарынан 14 орманшы қаза тапты.