Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Мен оны 6 ай аулақ ұстадым": Казанова Құлыбаевпен болған махаббат хикаясын айтты

"Әйелімен ешқашан көріскен емеспін. Бірақ мен туралы білді деп ойлаймын. Себебі сонша ақшасы, қолында билігі бар еркектің сондай болатыны белгілі нәрсе", – деп ағынан жарылды ол.

"Мен оны 6 ай аулақ ұстадым": Казанова Құлыбаевпен болған махаббат хикаясын айтты
фото: дереккөз

Ресейлік әнші Сати Казанова Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, бизнесмен, 54 жастағы Тимур Құлыбаевпен болған махаббат хикаясын ашып айтып берді, деп хабарлады Stan.kz.

38 жастағы әнші Надежда Стрелецтің YouTube-шоуының қонағы болып, жеке өмірі туралы ашық айтты. Сонымен, оның Тимур Құлыбаевпен ара-қатынасы 2005-2008 жылдары болған. Олар "Фабрика"тобының корпоративті кештерінің бірінде кездескен.

"Мен оны ұзақ уақыт аулақ ұстадым. Алты ай. Ол маған ұнамады, менің типім емес еді. Бастапқыда мен онымен сөйлесуге де келіспедім. Содан ол туралы ойлана бастадым. Мұның бәрі оның жеке басына, тартымдылығына байланысты. Ол өзіне сенімді адам болды", - деп мойындады Сати.

Әнші олигархқа қатты ғашық болғаны сонша, екінші әйел болуға да келіскен. Бұл ретте ол Тимурдың байлығына қызықпағанын атап өтті. Тіпті, Құлыбаевтың көмегімен Сати йогамен айналысып, темекіні тастаған.

"Ол мені құтқарды", - дейді әнші.

Жұп Құлыбаевтың опасыздығы кесірінен айырылысқан. Оған басты себеп олигархтың тағы бір көңілдесі Гога Ашкеназидің жүктілігі туралы хабар болған.

"Мен оны жақсы көрдім, бірақ жағдайдың құрбаны болғым келмеді. Мен үшін ішкі еркіндік маңызды. Бұл қарым-қатынаста мен күйредім. Ол кезде бұл дұрыс емес еді. Менімен қатар басқа біреумен қатынас құрғаны сатқындық болды. Мен үшін бұл мүмкін емес нәрсе. Егер осындай қарым-қатынасқа келіссем, онда мен өзіме, әйелдік абыройыма опасыздық жасар едім. Айырылысу менің бастамам болды. Әйелдік абыройым бұған келісе алмады. Бұл қарым-қатынаста ешқандай тазалық жоқ. Адалдық жоқ. Ол бұдан артық бере алмады", - деді Сати Казанова.

Еске сала кетсек, әнші қазақстандық олигархпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет екі жыл бұрын "Секрет на миллион" бағдарламасында айтқан. Бірақ ол кезде ғашығының атын атамаған. Ал бағдарлама редакторлары жұмбақ жан Тимур Құлыбаев екенін мәлімдеген. Сати әлі күнге дейін олардың әрекетіне ренжулі екенін айтып қалды.

"Мен оның есімін айта алмаймын, өйткені ол үйленген азамат, отбасы, балалары бар. Алайда оны қатты жақсы көрдім, тіпті оған бала тууды жоспарладым. Оның жанында өзімді нәзік гүл сияқты сезінетінмін. Ол маған гауһар тасты бұйымдар, содан кейін көлік, үй сатып алып берді. Әйелімен ешқашан көріскен емеспін. Бірақ мен туралы білді деп ойлаймын. Себебі сонша ақшасы, қолында билігі бар еркектің сондай болатыны белгілі нәрсе", – деп ағынан жарылды Сати Казанова.

Айта кетейік, танымал ресейлік әнші Сати Казанова 2017 жылы италиялық фотограф Стефано Тиоццоға тұрмысқа шықты.