Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Күдебаевтың Қырғызстанға қалай қашқаны белгілі болды

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмәрілиев Серік Күдебаевқа қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. Azattyq сайтына сілтеме жасап. 

Күдебаевтың Қырғызстанға қалай қашқаны белгілі болды
коллаж: Paryz.kz

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты қосымша қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Тілшілер спикерден бұл іс бойынша айыптылар қатарында кім бар екенін сұрады.

«Ең басты айыпталушы - Күдебаевтың өзі. Берген жауабына сәйкес, ол шекарадан тыс жерден қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Оны шекараға жеткізген көлік жүргізушісі Күдебаевтың осындай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себептен Серік Күдебаев өзі ғана жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол шекара пункт корпусынан өтпеген, Кеген ауданында шекарадағы темір тордың астын көтеру арқылы өтіп кеткен. Бұл - оның берген жауабы», - деді Бас прокуратура өкілі.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін экс-басшыға қосымша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмәрілиев Серік Күдебаевқа қосымша тағы қанша жыл берілуі мүмкін екенін айтпады.

«Бұл туралы айта алмаймын. Бұл соттың құзыретінде», - деп қысқа қайырды спикер.