Атырау облысында мұнай айдау стансасының маңында 20 гектар жер өртенді

Атырау облысында мұнай айдау стансасының маңында 20 гектар жер өртенді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырау облысында мұнай айдау стансасының маңында 20 гектар жер өртенді
фото: ТЖД

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт Индер ауданында тұтанған.

«Елтай ауылының маңында мұнай айдау стансасы бар. Аталған маңындағы дала шөбі жанып, 20 гектар аумаққа жайылды. Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру жасағынан 14 адам, 3 өрт сөндіру машинасы, 1 су таситын көлік, 1 трактор тартылды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.