«Сыртқы істер министрлігінің желісі арқылы ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Мүмкін профильдік министрліктер арасында өздерінің келісім бар шығар. Бірақ біз арқылы ондай көмек ұсынылған жоқ», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуына қарағанда, апатты ауыздықтауға шамасы жетпей жатса, Қазақстан сырттан көмек сұрауға мәжбүр болады.
«Әзірше біз ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Менің естуімше, 1-2 мемлекет көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы телефон арқылы сөйлесті, біздің министр телефон арқылы сөйлесті», - деген Айбек Смадияров тілшілердің нақтылау сұрағына көмек ұсынған елдер Түркия мен Өзбекстан екенін растады.