«Осындай сайқымазақтар аттандап ақша жинап алады»: Жұрт Семейге деп ақша жинамақ болған ақынды сынға алды

Белгілі ақын Айшолпан Тілеутай тағы да көптің талқысына тап болды. Бұл жолы ол өртке оранған Абай облысына халықтан ақша жинаймын деп сынға қалды. 

«Осындай сайқымазақтар аттандап ақша жинап алады»: Жұрт Семейге деп ақша жинамақ болған ақынды сынға алды
фото: caravan.kz

Ол желідегі парақшасында  оқырмандарынан көмек сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Менің туған жерімде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқырмандарымның атынан Семей жеріне көмек көрсетуге жолға шығып барамыз. Біз аманаттарыңызды елге жеткіземіз", - деп көзіне жас алған ол. 

Ақынның бұл әрекетін бірі қолдаса, бірі сынға алды. 

"Жеке шотқа мүлдем жіберу қажет емес. Ресми фонд ашылар еді. Әзірге ондай фонд жоқ", "Бәрі ақша жинағыш", "Неге халық жинау керек", "Осындай сайқымазақтар аттандап ақша жинап алады. Билік қашан жұмыс істейді?", "Ақша жинау сән бе?" деген сынды пікірлер толассыз жазылуда.