Павлодарда бес қабатты үй өртенді

Палодарда бес қабатты үйде болған өрттен тағы 10 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған, деп хабарлайды Paryz.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда бес қабатты үй өртенді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Сағат 00:37-де 112 пультіне Геринг көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 11 адам мен төрт  техника аттанды.

Өрт сөндірушілер, бірінші қабаттың кіре берісінде 6 шаршы метр аумақта қабырғалардың, кіреберіс есіктің ағаш құрылымдары өртенгені анықталды.

Өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуацияландырды. Сондай-ақ, олар төрт баланы, бір ересекті қолдарына көтеріп алып шығып, құтқарды. Қызметкерлер баспалдақ арқылы екінші қабаттан төрт адамды, оның ішінде екі баланы, үшінші қабаттан бір адамды құтқарды.

Өрт салдарынан бес велосипед, екі арба жартылай зақымданды. Екінші қабатта интернет торабының қосқышы, бірінші қабатта электр сымдарының оқшаулағыштары балқып кетті.