Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Абай облысында өрттен қаза тапқандар мен олардың отбасыларының несиесі кешіріледі

Абай облысында өрттен қаза тапқандар мен олардың отбасыларының несиесі кешіріледі, деп хабарлады Paryz.kz.  

Абай облысында өрттен қаза тапқандар мен олардың отбасыларының несиесі кешіріледі
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза тапқандардың отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:

1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.