Абай облысындағы өрт: жоғалып кеткен 15-ші орманшының тракторы табылды

Абай облысындағы өрт аймағынан бұдан бұрын жоғалып кеткен 15-ші орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазТАГқа сілтеме жасап. 

Абай облысындағы өрт: жоғалып кеткен 15-ші орманшының тракторы табылды
фото: әлеуметтік желіден

«Біз тракторды таптық. Дмитриевка ауылынан 5 шақырым қашықтықтан. Тас жолдан 1 шақырым арыда тұр екен. Тракторшы жоқ. Ертең құтқарушылар сол елді мекенде іздейді», - деп жазған ҚазТАГ агенттігіне сейсенбіге қараған түні дереккөзіне сүйеніп.

Бұған дейін тракторшы Абай облысындағы өртті сөндіруге шығып, жоғалып кеткені мәлім болған.