Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті

Түркістан облысында ұрлық үшін күдікті ретінде ұсталған ер адам уақытша ұстау абақтысынан қашып кетті. Оны іздеп-табуға бірнеше өңірдің Полиция департаменттері мен ведомстволары жұмылдырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті
Фото: inform. kz

«Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша ұрлық жасады деп айыпталған ер адам 11 маусым күні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шықты. Қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Іздеуге Түркістан облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда «Ұстап алу» жоспары іске асырылуда. Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберіс және шығу жолдарын бекеттер қойылды», - делінген мәліметте.

Сондай-ақ ұстау шарасына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының Полиция департаменттері, көліктегі полицияның бөлімдері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі де тартылған.

«Полицейлер ер адамды анықтау мен ұстау мақсатындағы жедел-іздестіру шарасын жалғастырып жатыр», - деді полициядан.