Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Дикий Арман» сотта жеңіске жетті - адвокат

Арман Жұмагелдиев (лақап аты Дикий Арман) құқық қорғау органдары тарапынан азаптау фактісі бойынша сотта жеңіске жетті. Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz. Qaz365 сайтына сілтеме жасап. 

«Дикий Арман» сотта жеңіске жетті - адвокат
Фото: ашық дереккөз

«Өзін қолдайтын адамдардың тізімі бар. Ол өзі үшін осы қиын сәтте теріс айналмағандардың барлығына алғысын білдіреді. Қазір ол сот отырысына дайындалып, қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Арман қылмыстық істің әрбір бетін және қолда бар дәлелдерді егжей-тегжейлі зерттейді», – деп жазды адвокат.

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастырды деген күдікпен 18 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев те бар.