Теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» қорытындысы бойынша әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұған дейін WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында кемінде екі сатыға төмендейтін әлемнің ресми үшінші ракеткасы – америкалық Джессика Пегула қарсыласынан жеңілген болатын.
Пегула үшінші айналымда бельгиялық Элис Мертенстен 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кеше тунистік Онс Жабера жеңілді. Рыбакинаны қуып жету үшін ол «Ролан Гарроста» жеңуі керек болды. Алайда бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад-Майя (әлемнің 14-ші ракеткасы) «Ролан Гарростың» ширек финалында үш кездесуде де тунистік әлемнің жетінші ракеткасы Онс Джаберді ұтып (3:6, 7:6 ( 7:5), 6:1) жартылай финалға шықты.
Айта кетері, бұған дейін Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» жарысына қатыспады.
Қазақстанның үздік теннисшісі төртінші раундта қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезінуіне байланысты испаниялық Сара Торибес-Сормомен кездесуден бас тартты.