ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Paryz.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген құжатта.
Айта кетейік, Алтай Көлгінов 2022 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.
Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.