07.06.2023, 17:11

Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды - Антикор

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанпав

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

 

"Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына қатысты өзге мәлімет жарияланбайды", - деді Антикор өкілдері.