Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бюджеттік тәртіптің ақсап тұрғанын көрсетеді»: Саиров бюджетті игерудегі тәртіпсіздікті сынады

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Қаржы министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевқа бюджеттің игерілуі туралы сауал жолдады, деп хабалайды Paryz.kz 

«Бюджеттік тәртіптің ақсап тұрғанын көрсетеді»: Саиров бюджетті игерудегі тәртіпсіздікті сынады
Фото: azattyg. ruhy

«2022 жылы игерілмеген қаржы жалпы 325 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде бюджет бойынша 8 түзету, 1 нақтылау жүргізілген. Тек жүргізілген түзетулердің нәтижесін 821 млрд теңгеге бюджет азайтылып, әкімшілердің шығыстары 628,5 млрд теңгеге қайта бөлінген. Яғни, парлементті бюджеттің нақтылауын есепке алмағанда, шамамен 1 трлн теңге. Бұл мәселе мемлекеттік органдардың, әкімшілердің бюджет қаражатын басқару деңгейі төмен екенін және бюджеттік тәртіптің ақсап тұрғанын көрсетеді. Осыған байланысты бұл Үкіметтің немқұрайлығынан болатын тәуекелдерді болдырмау үшін қандай шара қолданасыздар? Үкімет бюджетті басқаруды өзі тәртіпке келтіре алмаса, заң деңгейінде бюджетке түзетулер санын шектеу жөнгінде норма енгізу қажет пе?», - деп депутат Ерлан Саиров қаржы министріне сұрақ қойды. 

Бұл сұраққа Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді. 

«Расында да, қаржы министрі ретінде кез келген қаржылық тәртіпке қатысты ұсыныстарды қолдаймын. Сіз айтып отырған түзетулердің барлығы заң бойынша жасалған. Ол қажеттілікпен объективті себептерге байланысты болып отыр. Бізде мемлекеттік аудит комитеті бар. Былтыр олар 5,2 трлн бюджет қаражатына 2,3 мың аудиторлық шара жүргізді. Қаражатқа тиісті бақылау бар. Тиісті мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға тексеру жүргізіледі. Сіз айтып отырған мәселелер Президенттің тапсырмасы мен өзге де мақсаттарға жұмсалды. Бұл жердегі негізгі себеп тиісті қаражат жетпей жатқан нысандарға, объектілерге бос жатқан қаражатты дер кезінде жұмсау керек. Бюджетті тиімді жұмсау бойынша іс-шараларды қабылдап жатырмыз», - деді ол.  

Өз кезегінде Ерлан Саиров бюджетті игерудегі тәртіпсіздік халықтың әл-ауқатының төмендеуіне алып келетінін айтты. 

«Бюджетті есептеуде болжау тетіктері болуы керек. Бюджетті өзгертіп, қаржыны түсіресіздер. Мердігерлер ол қаржыны игерей алмай жатады. Бұл - өте үлкен проблема. Оны заң жүзінде реттеу керек», - деді ол. 

Еске салсақ, Мәжілісте Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланып жатыр.