Құрбан айт-2023: Қашан және қанша күн демаламыз?

Биыл, 2023 жылы Қазақстанда Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. Бұл туралы ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесінде жарияланған, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Құрбан айт-2023: Қашан және қанша күн демаламыз?
Фото: zhalagash-zharshysy.kz/

Құрбан айтта қанша күн демаламыз? 
2023 жылы Құрбан айт 28 маусымға сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс береді.

Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер:

26 маусым, 27 жұмыс күні, 28 маусым демалыс, 29 маусым, 30 жұмыс күні;

Алты күн жұмыс істейтіндер:

26 маусым, 27 жұмыс күні, 28 маусым демалыс, 29, 30 маусым және 1 шілде жұмыс күні.