Таиландта қалыңдығын құтқарамын деп, комаға түскен қазақстандық қайтыс болды

Таиландта теңізге түсем деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Таиландта қалыңдығын құтқарамын деп, комаға түскен қазақстандық қайтыс болды
фото: әлеуметтік желіден

Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.

«Артурдан айырылып қалдық», - деп жазды ол Instagram-да.

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров ақпаратты растады. 

Еске салайық, бұған дейін Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойғанын хабарлаған едік.