Қарды көріп, қуанып кеткен президент немересін алып, Копетдаг тауына қарай барып қайтқан екен...
Түркіменстан президенті немересін тауға апарып, аққала жасады. Бұл туралы видео "Хроника Туркименстана" YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.
25-26 желтоқсан күндері Түркіменстанда қалың қар жауған. Қарды көріп, қуанып кеткен президент немересін алып, Копетдаг тауына қарай барып қайтқан екен.
Бердымухамедовтың қатысуымен түсірілген видеолар желіде кеңінен таралады. Мысалы, сахнада ән айтқан кезі, шай туралы жазған кітабының тұсаукесері өткен уақыты және қол астындағыларды марапаттаған видеолары көп көрілген.
Алайда, соңғы бейресми деректер бойынша Түркіменстанда 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, ем-дом алу қиынға соғып жатыр.