БАҚ «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталғанын хабарлады

Алматының іргесіндегі "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды  Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталғанын хабарлады
Фото: tengrinews.kz

Полицияның басылымға берген мәліметінше, ол 2 маусымда қамауға алынған. Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар.

Сондай-ақ полиция бұл факті бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Алайда базардың баспасөз қызметі қамауға алынған күзетшілердің қару ұстауға рұқсаттары бар екенін айтты.

Сонымен бірге базардың баспасөз қызметі "Пятый регион" редакциясына директор орынбасарының ұстап жатқан сәтінің видеосын ұсынған.