Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда қандай аналарға өмір бойы жәрдемақы төленеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов 1 шілдеден бастап көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы көлеміне қатысты қандай өзгерістер болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қандай аналарға өмір бойы жәрдемақы төленеді
Фото: ernur.kz

«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» туралы жаңа ұғым енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойына «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырған аналарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап 7,4 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 25 530 теңге болады», - деді министрдің орынбасары.