Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ІІМ басшысының орынбасары «бәріне рұқсаты бар» көліктер туралы: Бұл заңды

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Онда полицейлер ереже бұзған жүргізушіні "бәріне рұқсаты бар" арнайы қағаз көрсеткеннен кейін босатып жібереді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ басшысының орынбасары «бәріне рұқсаты бар» көліктер туралы: Бұл заңды
фото: tengrinews.kz

"Мен айтайын, бұл үлкен құпия емес, бірақ арнайы қызметтеріміздің арнайы көлігі бар, олар тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолдана алатын құжаттарды пайдаланады", - деді Қожаев.

Министр мұндай құжаттардың заңдылығы туралы сұраққа қысқаша жауап берді: "Бұл заңды".

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде полицейлер белгісіз құжатты көрсеткеннен кейін жүргізушіні қалай босатқаны түсірілген видео пайда болған болатын.