Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Сабақ өткізбей жалақы алып келген мектеп директоры қызметінен қуылды

Астанада бір жыл бойы сабақ өткізбесе де жалақы алып келген №49 мектептің директоры қызметінен қуылды, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сабақ өткізбей жалақы алып келген мектеп директоры қызметінен қуылды
Фото: видеодан скриншот

Осыған дейін Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Оқушылардың шағымынан кейін қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.

"Қызметтік тексеру жүргізу үшін Басқарманың 26 мамырдағы № 1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сол күні тексеріс жүргізіліп, жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Бүгінгі таңда басқарманың 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен №49 орта мектебінің директоры қызметінен босатылды", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.