TikTok-та құмар ойындар көбейді – агенттік ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі "TikTok" желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

TikTok-та құмар ойындар көбейді – агенттік ескерту жасады
фото: Иконка мобильного приложения TikTok на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023 © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Осы уақытқа дейін онлайн ойын ұйымдастыратын 100-ден астам аккаунт анықталды.

"Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады", - дейді агенттік мамандары.

Ал Қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыс үшін бірнеше адам сотталған.

Мәселен, "TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының екі тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан. Олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

"Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот "TikTok" желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда. Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы", - деп атап көрсетті агенттіктің ресми өкілі.