30.05.2023, 09:02

Қайрат Боранбаевтың қазір қайда екені белгілі болды

Фото: казтаг

Сегіз жылға бас бостандығынан айырылу және мүлкін тәркілеу жазасы кесілген қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлі де тергеу изоляторында. 

Бұл туралы Tengrinews тілшісіне ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.

Жоқ, ол (Боранбаев. - Ескерту) әлі тергеу изоляторында, - деді Аюбаев.

ҚАЖК төрағасының орынбасарының айтуынша, кәсіпкер қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауыстырылмаған, өйткені оның қорғаушысы үкімге апелляциялық шағым түсірген.