Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Коронавирусқа қатысты шектеулер ресми түрде жойылды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылғанын мәлімдеді.

Коронавирусқа қатысты шектеулер ресми түрде жойылды
ФОТО: SERGEY KARPUKHIN/TASS

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталды деген шешім шығарған. Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Осыған байланысты білім беру ұйымдарында, сондай-ақ "Ashyq" жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының күші жойылды", - делінген ресми хабарламада.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер де қаулылардың күшін жою туралы құжатқа қол қойды.

"Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз. Вирустың таралуы жалғасуда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл өтетінін ескердік. Халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады", - дейді министрлік мамандары.