Тоқаев Кремльге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Кремльге барды
Фото: akorda.kz

Ақорданың хабарлауынша, кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президентімен қатар Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.