Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталдлы, деп хабарлады paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлепрінің мәліметінше, 21-мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні «ізін суытпай» сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.