Бүгінде ипотекалық несиелердің жалпы көлемі 5.9 триллион теңге болады. Бұл ретте 290 мың қарыз алушының өтеу мерзімі 10 жылдан аз емес.
Әрбір оныншы ипотека төлеп отырған қазақстандық тағы 20 миллион теңге төлеуі қажет.
Ипотекалық қарыз бойынша берешектің орташа сомасы 10 миллион 200 мың теңге болады.
Астанада 98.1 мың ипотека, Алматыда 83.5 мың ипотека рәсімделген. Бұл - жалпы ипотека санының 36 пайызы.
Ресімделген несие саны бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр.