Алматыда «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» таныстырылды

Алматыдағы Ұлттық кітапханасында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолдауымен жазушы, ғалым Нұрдәулет Ақыштың «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» атты екі томдық монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» таныстырылды
Фото: ашық дереккөз

Шараны М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы жүргізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы  арнайы келіп, қазақ әдебиетінің және қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін жазушы Нұрдәулет Ақышқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.

Шарада Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Нұржан Қуантайұлы, филология ғылымдарының докторы, әдебиет сыншысы Бекен Ыбырайым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, филология ғылымдарының докторы, жазушы, драматург Серік Асылбекұлы, жазушы Қуандық Түменбай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты, жазушы Әділғазы Қайырбеков, журналист Бейсенбай Сүлейменов және т.б. зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар сөз сөйледі.

Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының аға  оқытушысы Балтабаева Гаухар Саядилқызы сөз сөйлеп, ҚазҰҚПУ ректорының Алғыс хатын табыстады және ҚазҰҚПУ филология факультетінің 1 курс студенті Айман Сманқұл арнау оқыды.

Шараға әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, ізденушілер мен  кітапхана оқырмандары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Ұлттық кітапханасында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолдауымен жазушы, ғалым Нұрдәулет Ақыштың «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» атты екі томдық монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған шараны М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы жүргізген болатын.

Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы  арнайы келіп, қазақ әдебиетінің және қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін жазушы Нұрдәулет Ақышқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.