Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда ерекше балалармен спорттық ойындар өтті

Бүгін Алматы қаласы әкімдігі мен ««Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастыруымен ерекше балалармен спортты ойындар өтті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда ерекше балалармен спорттық ойындар өтті
Фото: almaty.tv

Аталған шарада қоғам белсенділері, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосып, ерекше балаларға қолдау білдірді. Жиналғандар мүмкіндігі шектеулі жеткіншектермен түрлі спорттық ойындар ойнап, олардың қоғамға бейімделуіне үлес қосты.

Аталмыш қор ұзақ жылдар бойы ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалту үшін бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Мәселен, 2018 жылы іске қосылған «Саламатты болашақ» жобасы аясында еліміздің 21 қаласында инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі ашылған. 

«43 жобаны жүзеге асыра отырып, 500 мың адамға көмектестік. Оның ішінде 95 мыңы – ауыл тұрғыны, сондай-ақ 55 мың бала да бар. Ал 625 адамды жобалар арқылы жұмыспен қамти алдық», – деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік қорының бас директоры Әлфия Әдиева.

Қазір ондағы үйірмелерге мыңнан астам тәрбиеленуші тегін қатысып жатыр. Бұдан бөлек, қордың «Жетімі жоқ Қазақстан», «Аутизмді жеңеміз» атты бағдарламалары нәтижелі жұмысын көрсетті.

«Қазір елімізде ерекше балалар өте көп. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бүгінде бір-бірімен тығыз байланысуға тырысамыз. Ал ерекше балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп те жатады. Бүгінгі шарада біз барлық ата-аналар балаларымыз үшін әрдайым күресіп, олардың болашағы үшін қаншама балпалдақтардан өтіп келеміз. Бүгінгі шара көңілімізден шықты. Ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрса деген ізгі тілегімізді білдіреміз», – дейді ерекше баланың анасы Гүлназ. 

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласы әкімдігі мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастыруымен ерекше балалармен спортты ойындар өтті. Аталған шарада қоғам белсенділері, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосып, ерекше балаларға қолдау білдірді. Жиналғандар мүмкіндігі шектеулі жеткіншектермен түрлі спорттық ойындар ойнап, олардың қоғамға бейімделуіне үлес қосты.