Ақтөбе маңында сегіз жасар баланы көлік қағып мерт қылды

Ақтөбеде 8 жастағы бала көлік дөңгелегінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбе маңында сегіз жасар баланы көлік қағып мерт қылды
фото: inform.kz

«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 22 мамырда қала маңындағы Жаңа Қоныс ауылында болған.

«Хонда» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде сегіз жасар баланы қағып кетті. Бала ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізушілерді жолда абай болып, ережені сақтауға шақырады.