Астанада зорлық-зомбылық әрекетін жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады», - делінген хабарламада.
Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана ПД-ның УҰИ-ға қамалды.