Ел мектептерінде кадр жетіспеушілігі жыл өткен сайын артып келеді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Data HUB мәліметінше, былтырғы оқу жылында қазақстандық мектептерде 369,7 мың мұғалім жұмыс істеген. Ал мектеп оқушыларының саны 3,6 млн-ға жетті.
«Соңғы үш жылда оқушылар саны 13 пайызға өсті», – дейді сарапшылар.
Бұл өз кезегінде мектептерде маман тапшылығын арттыра түскен.
«2000-2001 оқу жылында бір мұғалімге 127 баладан, 2015-2016 оқу жылдарында 195 баладан келген. Ал 2021-2022 оқу жылында бір мұғалімге 455 баладан келген!» - дейді зерттеу авторлары.
Бұған 6 жыл ішінде мектеп оқушылары санының 800 мыңға артқаны себеп болып отыр. Сарапшылар осы уақыт ішінде елімізде небәрі 49 мектеп салынғанын атап өткен.